
Өмірбаян
1982 жылы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Заңгер және экономист мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
2011 жылдан 2016 жылға дейін жеке компанияларда жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметке Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасына бас маман лауазымына түсті. Бұл басқармада 2021 жылдың маусымына дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2021 жылдың маусымынан 2022 жылдың шілдесіне дейін облыс әкімі аппаратының экономикалық даму және талдау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2022 жылғы шілдеден қазанға дейін-Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас инспекторы.
2022 жылғы 19 қазанда Абай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.


