
Өмірбаян
Сүлейменов Бақытбек Белгібекұлы, 1974 жылы 04 наурызда Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Екпенді ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Екпенді орта мектебін бітіріп, 1991 жылы бітірді.
1991 жылы Семей зооветеринарлық институтына түсіп, 1998 жылы "Семей" мемлекеттік университетін "Ветеринария" мамандығы бойынша, 2005 – 2007 жылдары Талдықорған қаласындағы О. Жолдасбеков атындағы институтты "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірді
2000 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін"Ветдез" РМК-да ветеринарлық маман болып жұмыс істеді
2000 жылдың тамызынан 2013 жылдың тамызына дейін Екпенді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді
2013 жылдың тамызынан 2017 жылдың наурызына дейін Ақжар ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді.
2017 жылдың наурызынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Алакөл ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді
2019 жылдың желтоқсан 2025 жылдың ақпан айынан бастап Алакөл ауданы әкімінің кеңесшісі және Әдеп жөніндегі уәкіл болып жұмыс істеді.
2025 жылдың наурыз айынан Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімі қызметіне тағайындалды.





