
Танысбаев Аслан Балабекұлы
Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1981 жылы 5 қыркүйекте Семей облысы Көкпекті ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2007 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру педагогы» мамандығы бойынша бітірген.
09.2003 - 06.2004 дене тәрбиесі пәні мұғалімі, Көкпекті орта мектебі, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы;
08.2004 - 10.2011 дене шынықтыру мұғалімі,. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы;
10.2011 - 08.2014 директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы;
07.2014 - 06.2018 "Көкпекті орта мектебі" КММ директоры, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы;
08.2019 - 03.2020 режим бойынша кезекші, "Ерекше режимдегі Шығыс Қазақстан мамандандырылған мектеп-интернаты" КММ, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы;
03.2020 - 09.2020 Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің әкімі, Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылы.
09.2020 - 01.2023 Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Көкпекті ауданының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ директоры, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
01.2023 - 03.2025 Абай облысы Көкпекті ауданы білім бөлімінің басшысы, Абай облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы;
07.03.2025 жылдан бастап Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары.


