Махамбетов Рамазан Еримович

    Әкім

    Өмірбаян

    Махамбетов Рамазан Еримович, 1973 жылы 14 ақпанда ҚазССР, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тартоғай (3 бөлімше, қазіргі Тұрсынбай Датқа) ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ.

    1980 жылы 1 қыркүйекте Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тартоғай (3 бөлімше, қазіргі Тұрсынбай Датқа) ауылының 228 орта мектебіне қабылданып, 1990 жылы аяқтап шықтым.

    1990 – 1995 жылдары Қарағанды Мемлекеттік медициналық институтын, «Стоматолог» мамандығы бойынша толық оқып шықтым.

    1995 – 1996 жылдары Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тартоғай ауылдық ауруханасында, «Стоматолог» болып жұмыс атқардым.

    1996 жылы Қызылорда обылысы Сырдария АӘКмен ҚР ҚК қатарына шақырылдым.

    1996 – 1999 жылдары Сарыөзек қ.т.п 12740 әскери бөлімінде дәрігер стоматолог;

    2000 – 2003 жылдары Шиелі кентінде «Әдемі» тіс емханасында дәрігер – стоматолог;

    2003 – 2006 жылдары Луговой станциясы 42062 әскери бөлімі медицина қызметінің бастығы;

    2006 – 2012 жылдары Тараз қаласы 85395 әскери бөлімі медицина қызметінің бастығы;

    2012 жылы Ресей федерациясының Санкт – Петербург қаласындағы С.М. Киров атындағы Әскери – медициналық академиясының «Құрылық әскерлерін медицинамен қамтамасыз етуді басқару» бойынша толық курысын оқып шықтым;

    2012 – 2013 жылдары Гвардейск қ.т.п (Отар станциясы) Әскери госпиталь бастығының орынбасары – медицина қызметінің бастығы;

    2013 – 2017 жылдары Аягоз қаласы Әскери госпиталь бастығы;

    2017 – 2020 жылдары «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің Тыл Басқармасы медицина қызметінің бастығы лауазымдарын атқардым.

    2020 жылдың қыркүйек айынан бастап шекті жасқа байланысты, зейнеткермін.

    Отбасылы