Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты
«Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Жаңалықтар
Құжаттар
Қоғалы ауылдық округінде 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет.
Ауылдық округтің жалпы жер көлемі – 363 991 гектарды құрайды. Ауылдық округте соңғы статистикалық есеп бойынша халықсаны–1026, оның ішінде отбасылар саны – 172, мектеп жасындағылар- 195, мектеп алды даярлықта - 21, мектепке дейінгі балалар саны - 106, студенттер - 43, зейнеткерлер - 100, мүгедектер - 28. Барлық экономикалық белсенді халық-517, елді мекендегі жұмыспен қамтылғандар -508, өз бетінше жұмыспен қамтылғандарсаны - 225 адам, жұмыссыздар саны – 8 адам, 16-29 жас аралығындағы жастар саны – 136 адам. Ауылдық округте«№228 Ш.Бәкіров атындағы орта мектебі» КММ, «Тұрсынбай датқа ауылдық мәдениет үйі» КМҚК,Кітапхана, «Айбек бөбекжай-бақша» КМҚК, ФАП«Ботабай», «Ветеринариялық пункт», сонымен бірге , 3-дүкен халыққа қызмет көрсетуде. Ауылдық округ бойынша «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі дағдарысты, күнкөріс деңгейінен төмен «Е» және «Д»санаттарындағы отбасылардыңжағдайын жақсарту және оларды жоғары санатқа ауыстыру мақсатында аудан көлемінде маңызды шаралар қолға алынуда. Анықтама ретінде: Ауылдық округ бойынша қазіргі таңада«Е» және «Д» санатындағы 42 отбаслылар анықталды. Оларды азайту жоспары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қоғалыауылдықокругібойынша2026 жылғы ІІІ-тоқсанғасалықтың орындалуы(мың теңге есебімен) Р/с Салық түрлері Сомасы Жоспар Орындалғаны 1 Жер, мүлік Теңге 85.000 191.3 тг 2 Көлік Теңге 2 млн. 3,430 тг 3 Табыс салығы Теңге 800.000 тг 2114,9 тг 2026 жылы аудандықбюджетттенжыл басында- 68млн104 мың теңгеге қаралды. Атап айтқанда,аппарат шығынын қамтамасыз етуге 41 млн 389 мың теңге, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 1 млн теңге,жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға 20 млн 773 мың теңге, елді мекендегі көшелерді жарықтандыруға 800 мың теңге. Мерзімді әскерге шақыруға 2026жылдың 9 айында ауылдық округ бойынша 2азаматмедициналық тексеруден өтіп, 2 азаматта облыстық медициналық тексеруге жолдама алып,Алматы қаласына әскерге кетті. Мәдени көпшілік шаралар 2026 жыл басынан бері Қоғалы ауылдық мәдениет үйінде тұрғындардың мәдени өмірін жандандыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында бірқатар мәдени-көпшілікжәне қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Жаңа Жыл мерекесі, 1-наурыз Алғыс айту күні,8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні мерекесі15 наурыз күні республикалық референдум, Наурыз мейрамы, 1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні, 4 маусым- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні, 7 тамыз-«Ауыл вайб» мерекелік іс-шаралары, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар елді мекендегі «Қарабура ата» мешітінде ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен сәуір айында тасаттық өткізілді. Өткізілген шаралардың басты мақсаты- ауыл тұрғындарының мәдени демалысын тиімді ұйымдастыру, жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау болып табылады. Ауыл шаруашылық саласы бойынша 2026жылдың9айы бойынша ауылдық округтегі мүйіздіірі қара-2025 бас, уақ мал-3931бас, жылқы -1398 бас, түйе -26 басқажетіп отыр. 2026 жылы«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылдық округ бойынша 2 жоба өткізіліпбизнес жоспарын қорғап(1-ші Зұлпыхаров Ғалымжан-балық өсіру шаруашылығына жоба қорғап, 10,8млн несиесін күтуде, 2-ші-Сүйіпбаев Нұрсұлтан 2млн 650мың қой шаруашылығын өсіруге алды), қайтарымды несие алды . Ауылдағыауыз су мәселесі бойынша Ауылдағы ауыз су барлық тұрғын үйлердің ауласына кіргізілген. Ауылдық округте 9289 шақырымдық ауыз су жүйесіартылып, тәулік бойы тұрғындарды ауыз сумен қамтып отыр. Ауызсу мәселесі толығымен шешілген. Білім саласы бойынша. Тұрсынбай датқа ауылындағы №228 Ш.Бәкіров атындағы орта мектебі2013 жылы пайдалануға берілген. Оқушы сыйымдылығы – 250 орындық.17 оқу сынып бөлмелері, спорт зал, 80 орындық асхана, 120 орындық акт залы, кітапхана, зертханалар саны -3, шеберханалар саны – 2.Педагог қызметкерлер саны- 44, кіші қызметкерлерсаны- 36.Оқушы саны- 191, 14 сынып комплексі бар.Сонымен қатар «Балғын» шағын орталығы ашылып, 5 адам жұмыспен қамтамассыз етілді.Мектеп орталықтандырылған ауыз суменқамтамасыз етілген. Мектепте 2 бу қазандығы қондырылған. 2025-2026 жылғы оқу жылында 11 сыныпты 12 оқушы аяқтап, 8 оқушы «Ұлттық бірыңғай тестке» қатысты. Инфрақұрылым бойынша 2025 жылы «Жастар саябағын» салынуға аудандық бюджеттен 31 млн бөлініп, оны 18 млн ұтып алып толығымен игерілді.Елді мекенде 1.5 млн тгқатты қалдықтар төгетін 1.5 га жер қоршалып, пайдалануда.Әкімгершілік ғимаратына косметикалық жөндеу және жылу жеткізу жұмыстары жүргізілді.Елді мекенді аяқ сумен қамтамасызетіп тұрған Ботабай каналының ұзындығы900 метржері тазаланды.Ауылдық округтің барлық көшелеріне қоқыс тастауға арналған арнайы жәшіктер орнатылды. Қоғалы ауылдық округіндекөркейту - көгалдандыру, абаттандырубойыншаатқарылған жұмыстар жөнінде. Ауылдық округте көктемгі көркейту – көгалдандыруға байланысты800 түп саялы ағаштар және 20 түп алма ағаштары отырғызылды. Елді мекеннің кіру аймағындағы ағаштардың сыртындағы ескі ағаш қоршауларды 400м темір сеткадан жасалған қоршауға алмастырылып, жаңартылып, сырланды. Балалар ойын алаңы және электр сонымен қатар көше жарығы бағаналары сырланып, жаңартылды. «Қарабура ата» мешіті маңындағы саябақтар мен скверлердегі ағаштар ақталып, погрущикпен мешіт қоршауының артындағы қоқыстар тазаланып, қатты қалдықтар төгетін орынға апарылды. Көктемгі, күзгі тазалық айлығында сенбіліктер ұйымдастырып, ауылдық округтегі барлық мекемелер өз аулаларын көркейту жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта атқарылуға тиісті жұмыстар: 1.Интернет пен байланыс сапасын жақсарту 2.Елді мекенге қауіпсіздік мақсатында 3 камера орнату 3. Ауыл шаруашылығын қолдау •Шаруа қожалықтарына субсидия мен мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділікті арттыру •Жастарды ауыл шаруашылығына тарту •Мал және егін шаруашылығын дамытуға жағдай жасау 4. Әлеуметтік сала •Мектеп пен балабақша жағдайын жақсарту •Медициналық пункттерді қажетті құралдармен қамтамасыз ету •Аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету 5. Жұмыспен қамту •Жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету •Кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету 6.Қызылқайың менЖуантөбеарасындағы Ботабай каналыныңішін 20 км қазу жұмыстары. 8.Егін шаруашылығына инвестор тарту.
«Қоғалы ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №39/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ЖОБА «Қоғалы ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №39/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ: «Қоғалы ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №39/17 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қоғалы ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 67 086 мың теңге, оның ішінде: Салықтық түсімдер – 3 032 мың теңге; трансферттер түсімі – 64 054 мың теңге; 2) шығындар - 68 104 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0; бюджеттік кредиттер - 0; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0; қаржы активтерін сатып алу - 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1018 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 1018 мың теңге; қарыздар түсімі - 0; қарыздарды өтеу - 0; бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1018 мың теңге.». Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні
