Абдрахманов Асқар Сауытбекұлы

    Елші, Тұрақты өкіл

    Өмірбаян

    1979 жылы Алматы қаласында туған.

    2002 жылы «Әлем тарихы» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

    Еңбек жолын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Шығыстану институтында және Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында ғылыми және оқытушылық жұмыстан бастап, Польша, АҚШ, Францияда және Бельгияда тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының Хатшылығында жұмыс істеді.
    2009 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеп келеді, Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы және төрағасының орынбасары, Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің Кеңесшісі лауазымдарын атқарды. 2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары (Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі) болды.
    2020-2022 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болды.
    Париж қаласындағы ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің Кеңесші-уәкілі ретінде еңбек етті.
    Бірінші сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие.
    Ағылшын, поляк және француз тілдерін меңгерген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері