Кабиев Асылбек Курманбаевич

    Жітіқара ауданы Чайковский ауылы әкімі

    Кабиев Асылбек Курманбаевич
    Аким

    Кабиев Асылбек Курманбаевич

    Жітіқара ауданы Чайковский ауылы әкімі

    Өмірбаян

    Қабиев Асылбек Құрманбайұлы 1965 жылы 12 тамызда Қостанай облысы Жітіқара ауданының Аққарға ауылында туған.

    Білімі жоғары, 2010 жылы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін көлік, көлік техникасы және технологиялар мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолы:

    1987 жылғы сәуірден 1988 жылғы шілдеге дейін - Қамысты ауданы Қамысты ауылының Аудандық автожолының жол мастері.

    1988 жылғы тамыздан 1989 жылғы сәуірге дейін - «Пригородный» ӨК кірзауытының жұмысшысы.

    1989 жылғы сәуірден 1997 жылғы шілдеге дейін - «Пригородный» ӨК есепке алу жөніндегі бригадирінің көмекшісі.

    1997 жылғы тамыздан 2005 жылғы наурызға дейін - «Қазақстан Республикасы көлік құралдары жүргізушілерінің одағы» ҚБ Қостанай филиалының оқытушысы, Жітіқара қ.

    2005 жылғы наурыздан маусымға дейін - «Қостанайгаз» МКК Жітіқара газбен жабдықтау цехінің апаттық қызмет технигі, Жітіқара қ.

    2005 жылғы маусымнан 2008 жылғы сәуірге дейін - «Қостанайгаз» МКК Жітіқара газбен жабдықтау цехінің апаттық қызмет мастері, Жітіқара қ.

    2008 жылғы сәуірден 2009 жылғы маусымға дейін – Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, әкімі.

    2009 жылғы маусымнан 2010 жылғы тамызға дейін - Жітіқара ауданы Шевченковка ауылының әкімі.

    2010 жылғы тамыздан 2016 жылғы сәуірге дейін – «Нұр Отан» ХДП Жітіқара аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Жітіқара қ.

    2016 жылғы сәуірден 2023 жылғы қаңтарға дейін - Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы, Жітіқара қ.

    2023 жылғы тамыздан қазанға дейін - «Жітіқара ауданының Аққарға ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы.

    2023 жылғы қазаннан 2024 жылғы қыркүйекке дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы.

    2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы маусымға дейін «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ басшысы.

    2025 жылғы 2 маусымнан бастап сайлау қорытындысы бойынша Жітіқара ауданы Чайковский ауылының әкімі болып сайланды.