
Сатыбалдин Айдар Рымбаевич
Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтері және сатып алу бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Сатыбалдин Айдар Рымбаевич, 1971 жылғы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының тумасы. Жоғары білімді, 1997 жылы Қазақтың тұтыну кооперациясы институтын аяқтаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Қарқаралы қаласы әкімшілігінде, әскери есеп стөлінің іс жүргізушісі қызіметінде бастаған.
1995-2002 жылдары Қарқаралы қаласы әкімі аппаратында, референт, бас маман қызметтерін атқарды.
2002-2008 жылдары Қарқаралы ауданы әкімі аппаратында, әлеуметтік және ішкі саясат бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру, кадрлық жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
2008-2009 жылдары Қарқаралы ауданының қаржы бөлімінде, бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2009-2011 жылдары Қарқаралы аудандық пошта байланысы торабында бастық қызметін атқарды.
2011 жылдың сәуір-маусым айлары Қарқаралы аудандық Мәслихат аппаратында, ревизиялық комиссияның төрағасы қызметін атқарды.
2011-2014 жылдары Қарқаралы ауданы әкімі аппаратында, аппарат басшысы қызметін атқарды.
2014-2018 жылдары Қарқаралы қаласы әкімі аппаратында, Қарқаралы қаласы әкімі қызіметін атқарды.
2019-20023 жылдары Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясында, комиссия төрағасы қызіметін атқарды.
20023 жылғы сәуір айынан Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтері және сатып алу бөлімінде, бөлім басшысы қызіметінде.




