
Наурызбаева Сания Дүйсенбіқызы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Еңбек жолын Алматы облысының жұмыспен қамту бас басқармасының 1 санаты маманы болып бастаған. Содан кейін Алматы облыстық жұмыспен қамту орталығының еңбек биржасының бас маманы, Алматы облыстық жұмыспен қамту орталығы-еңбек биржасының жетекші маманы, Алматы облысының Еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында 1 санат сарапшысы және бөлім меңгерушісі, Жетісу облысының Кәсіпкерлер палатасында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2023 жылдың қазан айынан Жетісу облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
