
Өмірбаян
1990 жылы туылған. Білімі-жоғары. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құқық және экономика негіздері, құқықтану мамандықтары бойынша бітірді.
Еңбек жолын Алматы облысы Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.
Кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы, облыс әкімі орынбасарының бас маман-көмекшісі, Алматы облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың қыркүйегінен Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
