Бертлеуов Темірлан Нұрланұлы

    Махамбет ауылдық округі әкімінің орынбасары

    Заместитель акима

    Бертлеуов Темірлан Нұрланұлы

    Махамбет ауылдық округі әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Бертлеуов Темірлан Нұрланұлы 1997 жылы 22 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алмалы ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Индер ауданы, Индербор кентіндегі Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті аяқтады. 2015 жылы Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжін «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

    Еңбек жолын 09.01.2018–28.09.2018 жылдар аралығында «Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мекемесінде ЭВМ операторы болып бастаған. Кейін 27.05.2019–07.10.2019 жылдар аралығында «Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ЭВМ операторы, 08.10.2019–07.10.2019 жылдар аралығында «Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі» инспекторы, 04.03.2020–12.10.2020 жылдар аралығында «Индер Су» ШЖҚ КМК іс-жүргізушісі, 12.10.2020–11.01.2022 жылдар аралығында Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің «Индер аудандық жастар ресурстық орталығы» маманы, 11.01.2022–01.08.2022 жылдар аралығында Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің «Индер аудандық жастар ресурстық орталығы» директоры болып қызмет атқарған. 12.01.2023–31.05.2023 жылдар аралығында «Индер Су» ШЖҚ КМК өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 01.06.2023-31.11.2024 жылдары Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің «Индер аудандық жастар ресурстық орталығы» директоры. 2024 жылдың 2 желтоқсанынан бастап Махамбет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімі басшысы қызметін атқарған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері