
Өмірбаян
Муратов Есим Бекжанович 1968 жылы 28 наурызда Гурьев облысы Новобогат ауданы Тұщықұдық селосында дүниеге келді.
1975-1985 жылдар аралығында Аққыстау орта мектебін бітірді.
1985 жылдың шілде тамыз айы аралығында ПМК-36 мекемесінде II- разрядттық жұмысшы қызметін атқардым.1985 жылдың қыркүйек айынан 1986 жылдың сәуір айы аралығында Атырау қаласындағы №1 кәсіптік техникалық училищенің токарь мамандығы бойынша бітірдім. 1986 жылдың сәуір айында Кеңес әскер қатарына шақырылдым.
1986 жылы қараша айынан бастап 1988 жылдың мамыр айы аралығында Ауғанстан Республикасында Кеңес әскерінің шектеулі контигенті құрамында әскери борышымды атқардым. 1988-1992 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 1992-1994 жыллдар аралығында Аққыстау селосындағы Абай орта мектебінде дене тәрбиесі мұғалімдік қызметін атқардым. 1994 жылдың тамыз айында запастағы офицер ретінде Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштер қатарына әскери қызметке шақырылдым. 1994-1997 жылдар аралығында Исатай ауданы әскери комиссариатында 2-ші бөлімше бастығы болып қызмет атқардым. 1997-1999 жылдың желтоқсан айына дейін 1-ші бөлімше бастығы қызметін атқардым. 1999 жылдың желтоқсан айынан 2009 жылдың шілде айына дейін Құрманғазы ауданында әскери комиссар болып қызмет атқардым.
2009 жылдың шілде айынан 2012 жылдың тамыз айы аралығында Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі Департамент бастығының орынбасары – келісім шарт бойынша әскери қызметке жинақтау және шақыру басқарма бастығы болып қызмет атқардым.
2012 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың 15 шілде аралығында Махамбет ауданының қорғаныс Істері жөніндегі бөлім бастығы қызметін атқардым. Қорғаныс Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штабының бастығының 2015 жылдың 19 мамырындағы №0112 бұйрығымен «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазазстан Республикасы Заңының 26 бабының1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес запасқа шығарылдым. 2015 жылдың 3 қыркүйегінен 2016 жылдың 30 наурыз аралығында Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының уақытша міндетін атқардым.
2016 жылдың мамыр – тамыз айларының аралығында Махамбет ауданы Ішкі Саясат бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқардым.
2016 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман лауазымын атқарды.




