
Айша Мұстақымқызы Айтқалиева
Халықаралық құқық департаментінің директоры
Өмірбаян
1974 жылы дүниеге келді.
Әл-фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтады.
Еңбек жолын 1992 жылы Алматы қаласының Ленин аудандық сотының іс жүргізуші-машинисті, сот отырысының хатшысы болып бастады.
1998-2006 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Заңнама, халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап-арыз жұмысы департаменттерінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, директордың орынбасары болды.
2006-2013 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құқықтық қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестік департаменттері директорының орынбасары.
2013-2023 жылдары ҚР Әділет министрлігінің халықаралық шарттарды, халықаралық құқық пен ынтымақтастықты сараптау, адам құқықтары саласындағы жұмысты үйлестіру департаменттері директорының орынбасары.
2023 жылдың қыркүйек айынан бері ҚР Әділет министрлігінің халықаралық құқық департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарады.





