
Алан Төлебайұлы Тленчиев
Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры
Өмірбаян
1997 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген, мамандығы – құқықтану;
2019 жылы «Тұран Астана» университетін бітірген, заң ғылымдарының магистрі.
1994 - 1996 жж. – «ТаланЛТД» ЖШС заңгер көмекшісі;
1996 - 1997 жж. – «Казкоммерц-Зираатинтернэшил банк» заңгері;
1998 - 1998 жж. – Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының сот приставы;
1998 - 1999 жж. – Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі, бөлім прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бөлімінің аға прокуроры;
1999-2002 жж.– Алматы қаласы прокуратурасының соттарында қылмыстық істерді қараудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры;
2002 - 2010 жж. – тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау Департаментінің бөлім прокуроры, прокурор, аға прокурор, ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саласындағы заңдылықты қадағалау Департаментінің қоғамдық бірлестіктер қызметіндегі заңдылықты қададағалау бөлімінің бастығы;
2010-2011жж. – Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы;
2011-2012 жж. – ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау Департаментінің табиғатты қорғау заңнамасының қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы;
2012- 2017 жж. –Астана қаласы «Алматы» ауданының прокуроры;
2017 - 2018 жж. – Шығыс-Қазақстан облысы прокурорының орынбасары;
2018 - 2021 жж. – Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы;
2021 - 2023 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің директоры;
2023 – 2024 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату департаментінің директоры;
2024 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.





