
Мұхышева Райгүл Меңдібайқызы
Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Өмірбаян
Мұхышева Райгүл Меңдібайқызы 1988 жылы 18 желтоқсанда Атырау облысы, Исатай ауданы, Забурын ауылы қазіргі Зейнеден ауылында дүниеге келген.
2006 жылы 11 жылдық мектепті аяқтап, 2006 – 2010 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде филология мамандығы бойынша білім алған.
2010 жылдың қыркүйек айында Атырау облысы, Исатай ауданы, Забурын ауылы Гагарин орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастайды. Тұрмыс құруына байланысты өз еркімен жұмыстан шығады.
02.2011 – 09.2011 жылы Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы, Талдыкөл орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс жасаған.
01.2012 - 10.2014 жылдары Атырау қаласындағы «Шұғыла» балабақшасында тәрбиеші болып қызмет етеді.
05.2016 – 02.2018 жылдары Махамбет ауданы Ортақшыл ауылындағы Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман қызметін атқарып, мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын бастаған.
02.2018 – 01.2019 жылдары Махамбет ауданы, Сарайшық ауылындағы, Сарайшық ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарды.
05.12.2019 жылдан Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарады. Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.




