САМЕКЕНОВ БАУРЖАН КЫДЫРБЕКОВИЧ

    Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 26 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

    САМЕКЕНОВ БАУРЖАН КЫДЫРБЕКОВИЧ
    Директор

    САМЕКЕНОВ БАУРЖАН КЫДЫРБЕКОВИЧ

    Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 26 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білімі:

    Самекенов Бауржан Кыдырбекович 1975 жылы 26 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ.

    Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "Математика және информатика мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген, 1996 жыл.

    Біліктілік санаты: Информатика пәні бойынша педагог-зерттеуші, 3 біліктілік санаты бар "Жетекші-ұйымдастырушы".

    Информатика бойынша педагогика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесі бар.

    Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназиясында физика және информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған;

    2000-2005 жылдары Оралхан Бөкей атындағы мектеп-лицейінде информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді;

    2005-2010 жылдары Өскемен қаласы әкімдігінің "Білім берудегі жаңа технологиялар орталығы" ММ директорының орынбасары болып жұмыс істеді;

    2010-2014 жылдары Өскемен қаласы әкімдігінің "№40 орта мектебі" ММ директоры болып жұмыс істеді;

    2014-2023 жылдары ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№22 орта мектебі" КММ директоры болып жұмыс істеді;

    2023 жылдың 28 тамызынан бастап ротация бойынша ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№26 орта мектебі" КММ директоры болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері