Абюрова Гульмира Каиркановна
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 39 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
Өмірбаян
Мен Абюрова Гүлмира Қайырқанқызы 1983 жылы 2 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Никольск ауылында дүниеге келдім, ұлтым қазақ.
1990 жылы қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы Никольская орта мектебінің 1-сыныбына бардым. 2000 жылдың маусым айында Никольская орта мектебін бітірдім. 2001 жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түстім. С. Аманжолов атындағы (экология және география факультеті) 2006 жылы маусым айында география бакалавры мамандығы бойынша бітірдім.
2003 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың тамызына дейін Никольская орта мектебінде (Никольск ауылы) мұғалім және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істедім. 2010 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың шілде айына дейін Зырян қаласындағы «№1 бастауыш мектеп» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2013 жылдың шілде айынан 2015 жылдың қаңтар айына дейін «Өскемен қаласының білім бөлімі» ММ әдіскер қызметін атқардым. 2015 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Шығыс Қазақстан облысы (Өскемен қаласы) «Білім берудегі жаңа технологиялардың өңірлік мемлекеттік орталығы» КММ-де сарапшы-зерттеуші болып жұмыс істедім. 2015 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың желтоқсанына дейін Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 39 орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2020 жылдың 15 желтоқсанында Өскемен қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 39 орта мектебі» КММ директоры болып тағайындалдым.

