
Өмірбаян
Ерманов Актурлан Ертурлиевич 1964 жылы 3-ші маусымда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында дүниеге келген.
1971 жылы Махамбет ауданы, 8-ші ауылы, Қызылүй сегіз жылдық мектебіне барып, 1981 жылы Қызыл үй орта мектебін аяқтады.
1982-1989 жылдары Целиноград қаласындағы инженерлік-құрылыс институтына оқуға түсіп, инженер-құрылысшы мамандығын алып шықты.
1981-1985 жылдары Ақжайық ауылындағы «Ақжайық тұқым совхозында» құрылысшы болып еңбек еткен.
1985-1997 жылдары «Ақжайық тұқым совхозында» жылу жүйесі инженері, техниқалық бақылаушы, инженер-экспедитор қызметтерін атқарған.
2002-2021 жылдар «Дастан» шаруа қожалығының атқарушы директор қызметін атқарған.
2021 жылдың 1 қыркүйектен бастап Ақжайық ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Отбасылы 1 ұл, 3 қызы бар.




