
Әлібекұлы Әл-Фараби
мемлекеттік-құқықтық және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Әлібекұлы Әл-фараби 1984 жылы Ырғыз ауданында дүниеге келген.
2007 жылы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Ырғыз аудандық сотының кеңсесінде жетекші маман-сот приставының міндетін уақытша атқарушы болып бастаған.
2007-2010 жылдары Ырғыз аудандық сотының кеңсесінде жетекші және бас маман-сот приставы болып жасаған.
2012-2017 жылдары Ырғыз ауданы әкімі аппаратының бас маманы (заңгер), бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2017-2021 жылдары Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.
2021-2023 жылдары Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып жасаған.
2023 жылдың 17 мамырынан осы уақытқа дейін Ырғыз ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы.



