
Башбаева Сәулеш Кәрбозқызы
Ырғыз аудандық қаржы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Башбаева Сәулеш Кәрбозқызы 1968 жылы Ырғыз ауданында дүниеге келген.
1990 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «Құрылыс экономикасы және ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық статистика бөлімінде экономист болып бастаған.
1990-1997 жылдары Ырғыз аудандық коммуналдық-шаруашылық кәсіпорнында экономист болды.
1997-1999 жылдары «Комшар» ЖШС бас есепшісі.
2000-2002 жылдары орталықтандырылған бухгалтериясының материалдық есепші, Ырғыз аудандық қаржы бөлімінің бюджет бөлімінде жетекші маман.
2002-2020 жылдары Ырғыз аудандық қаржы бөлімінің (басқармасының) бас маманы, Ырғыз аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджет-экономикалық бөлімшесінің бастығы, Ырғыз аудандық қаржы бөлімінің бөлімше бастығы және бастықтың орынбасары.
2020-2024 жылдары Ырғыз аудандық қаржы бөлімінің бюджет және коммуналдық меншік секторының меңгерушісі, бас маманы.
2024 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін Ырғыз аудандық қаржы бөлімінің басшысы.


