
Назарбаева Жаныл Кайырбековна
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Өмірбаян
Туған күні: 30.08.1975 жыл
Туған жері: Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы
Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары:
* Тұрмыста
* Балалар: бір ұл, бір қыз
Тілдерді меңгеру:
* Қазақ (Туған тілі); орыс (еркін); ағылшын (сөздікпен);
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
* 1994 жылы Өскемен қаласының педагогикалық колледжін "Бастауыш сынып әдістемесі" мамандығы бойынша,
* 1998 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Педагогика және бастауыш сынып әдістемесі» мамандығы бойынша бітірді.
Педагогикалық жұмыс өтілі – 26 жыл, басшылықта жұмыс өтілі – 9 жыл. «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ-де 1994 жылдың тамыз айынан бастап бастауыш сынып мұғалімі, 2012 жылдан бастап оқу ісінің орынбасары болып жұмыс істеді, 2020 жылдың 27 қарашасынан лицей директоры болып тағайындалды.

