
Грачева Инна Геннадьевна
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 көпбейінді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Өмірбаян
Грачева Инна Геннадьевна,1970 жылы 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысы,Шемонаиха ауданы,Шемонаиха қаласында дүниеге келді,ұлты – орыс.1970-1975 жылдар аралығында осы ауданның Рулиха ауылында тұрды.1976-1978 жылдар аралығында әкесінің қызмет бабына байланысты (әскери адам) Тәжік ССР-да тұрды.
1978-1983 жылдараралығында әкесінің жаңа қызмет орнына ауысуына байланысты Қазақ ССР-да өмір сүрді және білім алды.1984 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Өскемен қаласында тұрады.Облыс орталығына келген соң 7 сыныпқа оқуға кіріп,№37 орта мектебін бітірді.
Грачева Инна Геннадьевна мектеп бітірген соң,1987 жылы осы мектепке аға пионер вожатый болып жұмысқа қабылданды.1988 жылы Өскемен педагогикалық институтына «Бастауыш сынып оқытуының әдістемесі мен педагогика факультетінің сырттай бөліміне оқуға түсті.
1989 жылы бастауыш сынып мұғалім қызметіне ауысты.Мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша 1994 жылдың қыркүйегінен бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ –да «Информатика» пәні бойынша,екінші жоғары білім алды.
2006 жылдың 29 тамызында №37 орта мектептің директоры болып тағайындалып, күні бүгінге дейін осы мектепте қызмет атқарып келеді.
Мектеп директорының үшінші біліктілік санаты бар және медальдармен марапатталған: «Жастарды патриоттыққа тәрбиелеугеүлес қосқаны үшін» (2014 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен (2016 ж.); «Қазақстан Республикасының Конституциясына25 жыл» медалімен (2020 ж.), «Мейірім – әлемге махаббатпен» медалімен (2022 ж.)және «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен (2019 ж.)марапатталды.

