
Ақылбек Алима
«Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары
Өмірбаян
Туылған күні: 24 қаңтар 1971 жыл.
1990 жылы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Өскемен педагогикалық училищесін бітірді.
2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
2004 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
2018 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
1990 жылдан 1994 жылға дейін Өскемен қаласы № 41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
1994 жылдан 2005 жылға дейін Өскемен қаласы № 43 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
2005 жылдан 2008 жылға дейін Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
2008 жылдан 2013 жылға дейін Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі сырттай бөлімінің меңгерушісі, оқыту құқығымен, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы.
2013 жылдан 2017 жылға дейін Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
2017 жылдан 2019 жылға дейін ШҚО ББ «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» КМҚК директоры.
2019 жылдан 2022 жылға дейін ШҚО ББ «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ директоры.
2022 жылдың 6 сәуірінен «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары
«Колледждің үздік оқытушысы» облыстық конкурсының жеңімпазы.
«Білім берудегі үздіктер» халықаралық энциклопедиясының дипломы.
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
«Үздік адамдар» энциклопедиясының Қаһарманы Құрмет белгісімен марапатталған.
«Негізгі орта білім беру» мамандығы бойынша «Көптілді мамандарды даярлау» республикалық пилоттық жобасы, Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік оқу орындары үшін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша «Түзету дене шынықтыру мұғалімі» біліктілігі бойынша үлгілік оқу бағдарламалары авторларының бірі болып табылады.


