
Каримов Ғалымжан Болатұлы
Шиелі ауданы әкімінің аппарат басшысы
Өмірбаян
Каримов Ғалымжан Болатұлы – 1989 жылы 22 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінің құқықтану мамандығы, 2012-2014 жылдары Ұлыбритания университетінің менеджмент, бизнес менеджмент бакалавры мамандықтары, 2016 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Ақмола облысында «Мег-Транс» ЖШС-нің заңгері болып бастаған.
2014-2015 жылдары Ақмола облысы, Аршалы ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының есеп және талдау бөлімінің бас маманы, 2015-2017 жылдары Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, 2017-2019 жылдары «Астана қаласы әкімінің аппараты» халықаралық ынтамақтастық бөлімінің бас маманы, 2019-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы, 2022-2023 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы, 2023 жылдың наурыз-желтоқсан айларында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы, 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келеді.



