
Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлы
Шиелі ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлы - 1964 жылы 26 қыркүйекте Ташкент облысы, Шыршық ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1983 жылы Алматы энергетикалық институтының электрмен жабдықтау, 2007 жылы А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің қаржы мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Гигант колхозында механизатор болып бастаған. 1990-1992 жылдары Шиелі аудандық электро жүйесі мекемесінде жедел қосу электромантері, 1992-1994 жылдары «Құлагер» авто кооперативінің төраға орынбасары, 1994-1997 жылдары «Аққанат» шағын жеке кәсіпорын директоры, 1997-2012 жылдары «Қазпочта» АҚ, Қызылорда облыстық филиалының Шиелі аудандық почта байланыс торабының бастығы, 2012-2020 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, 2020 жылдың маусым айынан бастап Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарып келді.
2020-2022 жылдары аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2022 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
Отбасылы.



