
Ахмадиев Болат Мазанович
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Өмірбаян
1979 жылғы 6 тамызда Көкпекті ауданы, Большевик совхозында дүниеге келді.
1986 жылы 1 қыркүйекте Большевик орта мектебіне білім алуға келдім. Қазіргі Тассай ауылы М.Әуезов атындағы орта мектеп. Сол мектепті 1996 жылы тәмәмдап, Семей қаласына жол тарттым. 01.09.1996 ж Семейдің қызмет көрсету колледжінен техник-механик мамандығы бойынша студент атандым.1999 жылы колледжді аяқтап, 2000 жылы Семей сервис колледжіне оқуға түсіп, 2003 жылы еңбек және сызу пәні мұғалімі мамандығын алып шықтым.
Сол жылы М.Әуезов атындағы орта мектепке еңбек пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды.
Мұғалімдік жұмысымды жүргізе отырып, 2004 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ сырттай бөлімге студент атанды. Аталған университетті 2007 жылы тәмәмдап, кәсіптік білім педагогы мамандығын игерді.
2008 жылы отбасын құрды.
Отбасылық жағдайлармен 2008 жылы Өскемен қаласына қоныс аудардық. Сол жылы 1 қыркүйектен бастап Ново-Явленка орта мектебіне еңбек пәні мұғалімі ретінде жұмысқа орналасып, 2009 жылы өз еркіммен жұмыстан босатылып, Өскемен қаласындағы №35 орта мектебіне жұмысқа орналасты.
Еңбек пәні мұғалімі ретінде 2016 жылдың 1 қарашасына дейін аталған мектепте қызмет атқарды.
2016 жылдың 1 қарашасынан 2021 жылдың 17 мамырына дейін Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінде технология және кәсіби бағдар беру бойынша әдіскер болып жұмыс істеді. 2021 жылдың 17 мамырынан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «№ 5 орта мектеп» КММ директоры қызметін атқарады.

