Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы

    Қызылжарма ауылдық округінің әкімі

    Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы
    Аким

    Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы

    Қызылжарма ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы 1962 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген.

    Еңбек жолын Шиелі аудандық тұтыну қоғамының дайындау конторында жұмысшы болып бастады.

    1988 жылдың қазан айынан Қызылорда облысы тұрмыс қажетін өтеу өндірістік бірлестігінде инженер, өндірістік техникалық бөлім бастығы;

    1994 жылдың мамыр айынан Қызылорда қаласының әкімшілігінде өндіріс, құрылыс, көлік және байланыс бөлімінде кеңесші;

    1996 жылдың шілде айынан шаруашылық есептегі «Зеленхоз» мекемесінің басшысы;

    1997 жылдың тамыз айынан шаруашылық есептегі «Ирригация» мекемесінің бастығы, «Қызылорда-Ирригация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;

    2006 жылы қазан айынан «Нұр Отан» ХДП Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

    2010 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың маусым айы аралығында Қызылорда қалалық мәслихатта тексеру комиссиясының төрағасы;

    2011 жылдың маусым айынан облыстық «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі;

    2016 жылдың мамыр айынан бастап «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

    2023 жылдың 1 наурызынан «АMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы қызметтерін абыроймен атқарып келді.

    2023 жылғы 17 қыркүйекте Қызылжарма ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері