
Әбсұлтанов Мұрат Байғабылұлы
Қазалы ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Мұрат Байғабылұлы 1986 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 2008 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», 2014 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
Әбсұлтанов Мұрат Байғабылұлы аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Мұрат Байғабылұлы 1986 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 2008 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», 2014 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2009 жылы Қазалы аудандық №5 кәсіптік лицейдің мұғалімі болып бастаған. 2013-2019 жылдар аралығында Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, басшысының орынбасары, бөлім басшысы,
2019-2024 жылдары Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Әйтеке би кентінің әкімі болған.
2024 жылдың мамыр айынан бастап 2025 жылдың ақпан айына дейін Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
2025 жылдың ақпан айынан бастап аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.


