Сүйеубаев Жалғас Оңғарұлы

    Қазалы ауданы әкімінің орынбасары

    Сүйеубаев Жалғас Оңғарұлы
    Заместитель акима

    Сүйеубаев Жалғас Оңғарұлы

    Қазалы ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Сүйеубаев Жалғас Оңғарұлы – 1974 жылы Қазалы ауданы, Қарашеңгел ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Білімі жоғары, Қызылорда мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1990 жылы Қызыл ту кеңшарында оқушылардың өндірістік бригадасында жұмысшы болып бастаған.

    1993-1998 жылдары студент, 2004-2006 жылдары Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың Қазалы филиалының техникалық түгендеу және бағалау жөніндегі маманы, 2006-2008 жылдары «Қазалы-жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2008-2013 жылдары Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі, 2013-2016 жылдары Қазалы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

    2016 жылдың мамыр айынан бастап 2021 жылдың қаңтар айына дейін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

    2021 жылдың ақпан айынан бастап Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері