
Кадралиев Дархан Қаныбекұлы
Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы
Өмірбаян
1989 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2010 ж. – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Физика» мамандығы.
2024 ж. – «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша магистр, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.
Отбасылық жағдайы: Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
2010–2015 жж. – Үкіметтік емес ұйымдардағы қызмет.
2015–2016 жж. – «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2016–2021 жж. – Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.
2021–2024 жж. – Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы.
2024 жылғы 15 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін – Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы.

