Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы
Басқарма туралы
«Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың ішкі саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың миссиясы облыс тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйін қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту мен қолдау және аймақтың ақпараттық кеңістігінің бәсекелестік қабілетін арттыру жолымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік ішкі саясатты тиімді жүзеге асыру болып табылады.