
Министр
Қуантыров Әлібек Сакенұлы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі
Өмірбаян
Туған күні: 14.11.1983
Туған жері: Қазақ КСР, Гурьев қаласы (Атырау)
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары
- Томск мемлекеттік университеті (2006 ж.)
«Қаржы және кредит», «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандықтары; - Болашақ» бағдарламасы бойынша Мичиган университеті (2010 ж.)
Қолданбалы экономика магистрі; - Президенттік жастар кадр резервінің 1.0 мүшесі.
- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің, Халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы (09.2005–02.2006);
- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің және Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы (02.2006–10.2010);
- Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық әзірлемелер басқармасының бастығы (10.2010);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті мен Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары (10.2010–02.2013);
- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары (02.2013–06.2013);
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі орынбасары (06.2013–04.2019);
- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі бөлімінің меңгерушісі орынбасары (04.2019–02.2021);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі (02.2021–11.01.2022);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі (11.01.2022, 04.04.2023–06.02.2024 жж. қайта тағайындалған);
- «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры (01.04.2024–30.07.2024);
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (30.07.2024 – 03.09.2026);
- Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі (03.09.2026 жылдан бастап).
Өзге де лауазымдары
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (11.01.2022–06.02.2024);
- «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (04.02.2022–06.02.2024);
- «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушы кеңесінің мүшесі (11.01.2022–06.02.2024);
- «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (11.01.2022–06.02.2024);
- «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (11.01.2022–06.02.2024);
- «Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі (29.05.2024–30.07.2024);
- «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Директорлар кеңесінің мүшесі (13.09.2024–03.09.2026).
Ағылшын, испан және неміс тілдерін меңгерген.




