
Тоқтарұлы Даулетхан ,
№15 сайлау округі бойынша Көкшетау қаласы мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1985 жылы 22 маусымда Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген.
- "Құқықтану" мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде білім алған;
- "Құқықтану" мамандығы бойынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқыды;
- "Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясында" "Қаржы" мамандығы бойынша білім алған.
Женат, воспитывает 2-х детей.
Еңбек жолы 2009 жылы Алматы қаласының ІІБ қызметінен басталды, 2012 жылы Алматы қаласы прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі болып жұмыс істеді.
2013 жылдан 2014 жылға дейін – ҚР Президенті жанындағы АМУ персоналды басқарудың аға кеңесшісі.
2014 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Президенті жанындағы АМУ Сот төрелігі институтының магистранты болды.
2016 жылдан 2017 жылға дейін "Дарабоз" ЖШС-де заңгер лауазымында жұмыс істеді.
2017 жылдан 2018 жылға дейін жеке сот орындаушысы, 2018 жылдан 2019 жылға дейін Астана қаласы ТжКБ палатасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдан 2020 жылға дейін "ҚазМұнайГаз-Аэро"ЖШС қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2020 жылдың наурыз-қараша айлары аралығында "DarmenHolding"ЖШС Басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2020 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Көкшетау қаласындағы "Транстелеком" АҚ – "Көкшетаутранстелеком"филиалының басқарушы директоры болып табылады.
2019 жылы Нұр-сұлтан қаласы филиалының "Amanat" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Е.Каналимов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алғыс хатпен марапатталған.
2021 жылы ҚР Ұлттық коммуникация және цифрландыру қауымдастығының Алғыс хатымен марапатталған.
2021 жылдан бастап "Amanat" партиясының Көкшетау қалалық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі, сондай-ақ "Amanat" партиясының Көкшетау қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің мүшесі болып табылады.
2022 жылдың наурыз айында "Құрмет" орденімен марапатталған.
2022 жылдың қараша айында ҚР Президентін сайлау және оны өткізу жөніндегі сайлау науқанындағы жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған.




