
Тушанова Саягүл Азнабайқызы
депутаттық корпуспен және тұрақты комиссиялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1986 жылы туған, білімі жоғары. 2007 ж. - Ш. Уәлиханов атындағы КМУ "экономика" мамандығы бойынша, 2019 ж. - А. Мырзахметов атындағы КУ -"бастауыш сынып мұғалімі" мамандығы бойынша білім алған.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2007 жылдың тамыз айынан бастап Айыртау ауданы әкімі орынбасарының бас маман-көмекшісі болып бастады.
2008 жылдың тамыз айынан бастап "Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ бас маманы болып ауыстырылды
2010 жылдың қаңтар айында "Көкшетау қаласының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ қаржы-экономикалық секторының бас маманы болып тағайындалды
2010 жылдың шілде айынан бастап "Зеренді ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ бас маманы болып ауыстырылды.
2015 жылдың маусым айында "Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бас маманы болып тағайындалды
2017 жылдың қараша айынан бастап "Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бюджеттік саясат секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2018 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Көкшетау қаласы мәслихатының аппараты" ММ депутаттық корпуспен және тұрақты комиссиялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.
УПОЛНОМОЧЕННОЕ ЛИЦО ПО ВОПРОСАМ ДОСТУПА К ИНФОРМАЦИИ




