Джаксыбаева Зейнеп Опабековна

    Руководитель отдела

    Джаксыбаева Зейнеп Опабековна
    Руководитель отдела

    Джаксыбаева Зейнеп Опабековна

    Руководитель отдела

    Өмірбаян

    Зейнеп Опабековна Джаксыбаева, Қазақстан Республикасының азаматы, 1972 жылы 5 қаңтарда Павлодар облысы Железин ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген.
    Үш жоғары білімі бар. 1994 жылы Павлодар педагогикалық институтын «Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша, 2018 жылы Екібастұз инженерлік - техникалық институтын «Экономика» мамандығы бойынша және 2022 жылы Қазақстан-Америка еркін университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін тәмамдап шықты.

    Еңбек жолын 1994 жылдың 27 тамызында Екібастұз қаласының №24 жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып бастады, 1994 жылдың қазан айында сол мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, онда 2004 жылдың 04 ақпанына дейін қызмет етіп, «Екібастұз қаласының білім басқармасы» ММ- нің «Білім беру және спорт бөліміне» бас маман ретінде мемлекеттік қызметке тағайындалды. 2005 жылғы 20 шілдеден бастап «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-не әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары жанындағы бас маман лауазымына ауыстырылды, онда 2007 жылғы 22 қазанға дейін қызмет етті.
    2007 жылғы 22 қазаннан бастап «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» ММ-нің бас маман лауазымына ауыстырылды, онда 2008 жылғы 18 маусымға дейін жұмыс істеді.
    2008 жылғы 18 маусымда ауысу тәртібімен «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, онда 2010 жылғы 05 қаңтарға дейін жұмыс істеді.
    2010 жылғы 05 қаңтарда ауысу тәртібімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ –нің басшысы лауазымына тағайындалды, онда 2017 жылғы 18 қыркүйекке дейін жұмыс істеді.
    2017 жылғы 02 қазанда конкурс тәртібімен «Екібастұз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК директоры лауазымына тағайындалды, онда 2018 жылғы 29 желтоқсанға дейін жұмыс істеді. Кәсіпорынның қайта құрылуына байланысты директор лауазымынан босатылды.
    2019 жылғы 15 қаңтарда Екібастұз аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы болып тағайындалды, онда 2019 жылғы 18 наурызға дейін жұмыс атқарып, өз еркімен жұмыстан босатылды.
    2019 жылғы 26 наурыздан бастап Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК –да сарапшы ретінде жұмыс істей бастады, онда 2019 жылғы 28 маусымға дейін жұмыс істеді.
    2019 жылдың 11 шілдесінен бастап «Астана медицина университеті» КеАҚ-да бас маман ретінде жұмысын жалғастырып, 2019 жылдың 11 қыркүйегіне дейін жұмыс істеді.
    2019 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік қызметке қайта кірді, 2019 жылдың 12 қыркүйегінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
    Екібастұз қаласы әкімінің 2023 жылғы 24 шілдедегі № 84 өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері