
Өмірбаян
Мұхаметжанова Зинаида Әшімқызы1962 жылдың 30 тамызында Павлодар облысы Краснокутск ауданы Коминтерн ауылында туған Екі жоғары білімі бар, 1984 жылы Павлодар педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 2001 жылы Павлодар Университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1979 жылы Май ауданының Белогорье орта мектебінде дайындық тобының мұғалімі болып бастады.
Екібастұз қаласында №7 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Екібастұз қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала және ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Екібастұз қаласы білім бөлімі бастығының орынбасары, Павлодар облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет етті.
2009 жылдың 4 қыркүйегінен бастап «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімнің қазақ қыздар гимназиясы» ММ-нің директорының қызметін атқарды.
Екібастұз қаласы әкімінің 2012 жылғы 31 қазандағы №235 өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы ретінде тағайындалды.
