
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Божко Семен Анатольевич Қостанай облысы, Денисов ауданы, Фрунзе ауылында дүниеге келген.
2011 жылы - «Қостанай ауылшаруашылығы колледжі» МКҚК, «Орман және орман саябақ шаруашылығы» мамандығы;
2015 жылы - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы.
Мансап
01.04. 2011 - 09.04.2013 ж.ж. - Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қамысты орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі» ММ орманшысы;
09.04.2013 - 01.11.2015 ж.ж. - Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» КММ орман шебері;
01.11.2015 - 05.11.2018 ж.ж. - Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» КММ директорының орынбасары;
05.11.2018 жылы осы уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» КММ басшысы.




