
Құдайбергенов Руслан Ерғалиұлы
Аудан әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1982 жылдың 13 наурызында дүниеге келген.
Бiлiмi жоғары. 2003 жылы Ақтөбе медициналық колледжiн "Емдеу ici" мамандығы бойында тәмамдаған.
2007 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін "Жерге орналастырушы, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалаушы" мамандығы бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын 2003 жылы "Темір аудандық санитарлық қадағалау басқармасында" маман болып бастаған;
2003-2004 жылдары Темір аудандық орталық ауруханасының "Алғашқы көмек көрсету бөлiмiнде" фельдшер, 2004-2005 жылдары "Темір" ЖШС-де нұсқаушы, 2007-2008 жылдары "Ақтөбе Жер ҒӨО"-ның Темір аудандық филиалында маман, 2008-2012 жылдары" Жер ҒӨО ЕМК"-директоры, 2012-2016 жылдары Темір аудандық кадастрлық филиалының басшысы, 2016-2019 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Темір аудандық жылжымайтын мүлік, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тiркеу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келді.
2019 жылдың 20 қарашасында Ақтөбе облысы Темір ауданы Жақсымай ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
2023 жылдың 5 маусымынан бастап Темір ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.



