Жақсылықов Алмас Жақсылықұлы

    Темір ауданы әкімі

    Жақсылықов Алмас Жақсылықұлы
    Аким

    Жақсылықов Алмас Жақсылықұлы

    Темір ауданы әкімі

    Өмірбаян

    1978 жылы дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Еңбек ресурстарын басқару», 2019 жылы Қайнар академиясын «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2000 жылы «Көмірбанк» ААҚ Алматы қаласындағы филиалының қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып бастаған.

    2004 – 2009 жж. Ақтөбе облыстық көліктік инфрақұрлымды дамыту басқармасының, Темір аудандық құрылыс бөлімінің жетекші маманы; 2009 – 2013 жж. «Тазалық», «Шұбар-құдық», «Шұбарқұдық-жылу» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің және «CENTRUM KAZAKHSTAN» ЖШС директоры лауазымдарында қызмет етті.

    2013 – 2018 жылдары Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Темір ауданы «Жастармен жұмыс бойынша ресурстық орталығының басшысы, Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; 2018 – 2023 жылдары Хромтау қаласының әкімі, Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылдың қазан айынан бастап Ақтөбе қаласының «Астана» ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

    2024-ші жылдың желтоқсан айында Темір ауданы әкімі болып тағайындалды

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері