
Байділдин Әлібек Мұхитұлы
«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Әлібек Мұхитұлы Екібастұз қаласында туған, қазақ, білімі – жоғары, заңгер, Қазақстан-Ресей университетін бітірген.
Жалпы еңбек өтілі 18 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметте - 15 жыл. Әр жылдары «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құқықтық бөлімінің, «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» ММ бас маманы, 2022 жылдың ақпан айынан бастап «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
Екібастұз қаласы әкімінің 2023 жылғы 24 шілдедегі өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.