Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі

    Бөлім туралы
    1. "Екібастұзқаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласында тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды және тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
    3. "Екібастұзқаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    4. "Екібастұзқаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабаны, қазынашылық органдарында шоттары болады.
    5. "Екібастұзқаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
    6. "Екібастұзқаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    7. "Екібастұзқаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    8. "Екібастұзқаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    9. "Екібастұзқаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Хабарландыру

    «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау бойынша бір жыл мерзімге конкурс жариялайды

    Көппәтерлі тұрғын үйді басқару бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген әлеуетті басқарушы компаниялар тұрғын үй инспекциясына конкурс жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күніішінде мынадай құжаттарды ұсынад: 1) 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша көппәтерлі тұрғын үйді басқаруға қатысуға өтінім 2 қосымша; 2) құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жарғы); 3) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және ақпараттық жүйелер арқылы алынған әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер. Құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген анықтама; 4) «Кәсіптік біліктілік туралы» ҚР Заңына және кондоминиум объектісін басқару саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияны жүзеге асыруға кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаты бар қызметкерлердің өз құрамындағы қол жетімділігі туралы мәліметтер; 5) кондоминиум объектісін басқару саласында жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер. Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде нөмірленген және тігілген түрде не тұрғын үй инспекциясының [email protected]электрондықпоштасына ұсынылады. Анықтама телефоны: 87759612329

    Жарияланды: