
Қазбекова Мира Жомартқызы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
Қазбекова Мира, 1984 жылғы 7 қарашада Қызылордада туған. 1991-2001 жылдары Қызылорда қаласы №1, 1 Май атындағы орта мектебінде оқыған. 2001-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Филология» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған. Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылғы тамызда «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» облыстық баспасөз клубының маманы болып бастаған.
2005 - 2006 жылдары - «Қала әкімі аппаратының» жетекші маманы - баспасөз хатшысы;
2006 - 2007 жылдары - Облыстық ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ-тар мониторингі бөлімінің жетекші маманы;
2007 жылы облыс әкімі аппаратының бас маманы – баспасөз хатшысы;
2007 жылғы қазаннан облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы;
2008 жылы қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы;
2008 жылы қарашадан қала әкімінің баспасөз хатшысы-бас инспектор;
2009 жылы қала әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бастығы;
2010 жылы қала әкімі орынбасарының көмекшісі – бас инспектор;
2011-2017 жылдары - Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған;
2017 жылғы 8 қыркүйектен 2019 жылғы 16 қаңтарына дейін Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарған.
2019 жылғы 17 қаңтарынан 20 мамырына дейін Қызылорда қаласы әкімдігінің аппарат басшысы лауазымын атқарды.
2019 жылдың 20 мамырынан 2020 жылдың 25 мамырына дейін қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2020 жылдың 27 мамырынан 2023 жылдың 20 қаңтарына дейін Қызылорда облысының ішкі саясат басқарма басшысы лауазымын атқарды.
2023 жылдың 20 қаңтарынан 2024 жылдың 9 қаңтарына дейін Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы.
2024 жылдың 9 қаңтарынан 2025 жылдың 31 наурызына дейін Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы.
2025 жылдың 1 сәуірінен Қызылорда облысының дін істері басқармасының басшысы.
2012 жылдан бері тұрмыста. Жолдасы – Казбеков Галымжан Айдарбекович, 1977 ж.т. Отбасында төрт бала тәрбиелеуде.