
Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы
Алматы облыстық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
1962 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарабұлақ ауылында туған.
Білімі - жоғары.
1983 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы – физика.
Еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.
1993-1994 жылдары - Шелек ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ассистенті, Алматы облысы, Шелек ауылы.
1994-1998 жылдары - Қорам ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.
1999-2002 жылдары - Шелек ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.
2002-2007 жылдары - Ават ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.
2007-2008 жылдары - Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кеңесшісі, Алматы облысы, Есік қаласы.
2008-2009 жылдары - Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің басшысы, Алматы облысы, Есік қаласы.
2009-2011 жылдары - Еңбекшіқазақ ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы, Алматы облысы, Есік қаласы.
2011-2012 жылдары - Еңбекшіқазақ ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Алматы облысы, Есік қаласы.
2012-2014 жылдары - Шелек ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы.
2014-2022 жылдары - «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы облысы, Есік қаласы.
2022 жылы - «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Алматы облысы, Есік қаласы
2022 -2024 жылдары - «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы.
2024 жылдың 29 наурызынан бастап Алматы облыстық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

