
Өмірбаян
1989 жылы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында туған. Білімі - жоғары. 2011 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы экономика.
Еңбек жолын 2008 жылы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінде экономист болып бастаған. 2011 жылы Бұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы болып тағайындалған. 2013 жылы Бұқар Жырау ауданы әкімі аппаратының қаржылық- шаруашылық бөлімінің басшысы - бас есепшісі лауазымында жұмыс істеген. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Приозерск қаласы әкімінің аппаратында қызмет атқарады.