
Өмірбаян
Қаламов Әділ Мұратбекұлы 1991 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «қаржы» мамандығына тәмамдады. 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады. Құқық магистрі.
31.01.2014-03.02.2014 жж. "Айнабұлақ ауылдық округ әкімі аппараты" ММ, бас маман;
03.02.2014-26.11.2014 жж. "Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, бас маман;
26.11.2014-04.06.2020 жж. "Зайсан ауданы әкімі аппараты" ММ, ұйымдастыру және бақылау бөлімі, бас маман;
04.06.2020-28.02.2021 жж. "Зайсан аудандық мәслихаты" ММ, бас маман;
01.03.2021-28.07.2021 жж. "Зайсан аудандық мәслихаты" ММ, бас маман;
28.07.2021-15.05.2025 жж. "Айнабұлақ ауылдық округ әкімі аппараты" ММ, ауылдық округ әкімі.
2025 жылдың 16 мамырынан бастап Зайсан аудан әкімі аппаратының басшысы қызметін атқаруда.



