
Сагандыков Еркен Заманбекович
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
1968 жылғы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге келген.
Ұлты қазақ.
Білімі жоғары.
- 1991 жылы "МОССТАНКИН" Мәскеу станокаспаптық институтын "Инженер-электромеханик" мамандығы бойынша
- 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару Академиясы жанындағы Нарық институтын "Экономист" мамандығы бойынша
Үйленген.
Еркен Заманбекұлы Сағандықов, 1968 жылдың 20 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге келген.
1985 жылы Семей қаласының №33 орта мектебін аяқтады.
2 жоғары білімі бар: 1991 жылы "МОССТАНКИН" Мәскеу станокаспаптық институтын "инженер-электромеханик" мамандығы бойынша және 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару Академиясы жанындағы Нарық институтын "Экономист" мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын 1991 жылы Семей қаласындағы "Семей-Центрбанк" ААҚ филиалында бағдарламашы лауазымынан бастап, кейіннен 2008 жылға дейінгі уақытта банк саласында және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.
2008-2011 жылдары Семей қаласының "Семей Водоканал" МКК оңалту басқарушысы болып жұмыс істеді.
2011-2023 жылдары Семей қаласының "Семей Водоканал" МКК директоры болып жұмыс істеді.
2023 жылдың қазан айынан бастап 2025 жылдың 1 тамызына дейін Семей қаласының "Теплокоммунэнерго" МКК директоры болып жұмыс істеді.
Жалпы еңбек өтілі – 34 жыл.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Марапаттары: «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», Семей қаласының «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі.
Отбасылы, үш баласы бар.
