
Өмірбаян
1973 жылы 30 қыркүйекте Семей облысы Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келді.
Аягөз ауданы Ақши орта мектебін 1990 жылы бітірді.
Семей мемлекеттік медицина институтын 1996 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп, дәрігер біліктілігін алды.
2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасында «Менеджмент» мамандығы бойынша оқуын аяқтады.
2019 жылғы 30 қыркүйек пен 30 қазан аралығында «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» бағыты бойынша Ұлыбританияда біліктілікті арттырудан өтті.
15.08.1996 - 05.02.1997 - терапиялық бөлімшенің терапевт-дәрігері, Аягөз аудандық орталық ауруханасы.
06.02.1997 - 11.07.2004 - дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, Аягөз аудандық орталық ауруханасы.
12.07.2004 - 05.06.2007 - анестезиолог-реаниматолог, «Қазығұл» медициналық мекемесі.
06.06.2007 - 20.07.2008 - «Қазығұл» медициналық мекемесiнiң атқарушы директоры
21.07.2008 - 12.09.2015 - директор, «Қазығұл» медициналық мекемесі
01.10.2015 - 05.07.2018 - «Аягөз ОАА» ШЖҚ КМК Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі бас дәрігерінің орынбасары.
09.07.2018 - 18.02.2020 - ШҚО ДБ «Бесқарағай аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері.
19.02.2020 - 25.09.2022 - ШҚО ДБ «Бесқарағай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері.
26.09.2022 – 06.08.2025 - бас дәрігер, Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Бесқарағай аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК.
2025 жылғы 12 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін - Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Аягоз балаларга арналган арнайы элеуметтiк кызмет корсету орталыгы» КММ директорының міндетін атқарушы




