
Мусин Бейімбет Мәлікұлы
Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
Өмірбаян
Мусин Беймбет Мәлікұлы 1985 жылы туылған, білімі – жоғары, 2008 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін "Ауыл шаруашылығы өндірісін электрлендіру және автоматтандыру" мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы University of Southampton UK университетін "Energy and Sustainability with Electrical Power Engineering" мамандығы бойынша бітірген. 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді. "Мемлекеттік басқару - Public Administration" бейіні бойынша доктор.
2005-2007 ж. - "МТС-Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде электрик, Орал қаласы.
2008-2009 ж. - "Батыс Қазақстан Қуат Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде инженер-электрик, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы.
2009 ж. - "Батыс Қазақстан Қуат Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде материалдар бойынша координатор, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы.
2009-2010 ж. - "Батыс Қазақстан Қуат Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сапаны бақылау бойынша маман, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы.
2010 Батыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында энергетиканы дамыту бөлімінің бас маманның м.а., Орал қаласы.
2010-2016 ж. - Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында энергетиканы дамыту бөлімінің бас маманы, Орал қаласы.
2016-2017 ж. - "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі перспективті даму бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы.
2017 ж. - Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетиканы дамыту бөлімінің бас маманы, Орал қаласы.
2017-2019 ж. - Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетиканы дамыту бөлімінің бөлім басшысы, Орал қаласы.
2019-2025 ж. - Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары, Орал қаласы.
11.08.2025 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Орал қаласы.

