
Нурманова Нагима Орынбасаркызы
Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Зертас ауылында мұғалімдер отбасында 25 желтоқсан 1973 жылы туылған. Онтүстік Қазақстан техникалық университетін 1997 жылы аяқтады.
Еңбек жолын 1991 жылы мемлекеттік зейнетақы тағайындау және төлеу орталығында инспектор болып бастаған. 1993 жылы Әл-Фараби аудандық әкімшілігінің халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің зейнетақы қоры жөніндегі секторының 1 дәрежедегі маманы, 1997 жылы Шымкент қаласында облыстық салық комитетінің зейнетақы қорының жарна түсімі бөлімінің бас маманы, 1998 жылы Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, 2001 жылы ОҚО әкімшілігінің «Энергосервис-центр» МКМ касса әкімшісі, бухгалтерлік есеп-қисап және талдау бөлімінің бухгалтер- экономисі, бас есепшісі, 2003 жылы ОҚО Қаржы басқармасының экономика саласын қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы жетекші экономисі, 2005 жылы нақты сектор саласын қаржыландыру бөлімінің басшысы жане білім беруді, мәдениетті және спортты бюджеттік мониторинг жасау бөлімінің басшысы және 2018 жылы Түркістан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары. 2019 жылы Түркістан облысы қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары.

