
Жангазиев Ербол Уласбекович
Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1983 жылғы 1 қарашада Түркістан облысы, Шаян ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы жылыОрдабасы ауданы, Темірлан ауылындағы «Ер-Нұр» ЖШС-де жетекші маман болып бастаған. 2004–2010 жылдары Темірлан ауылындағы Ордабасы аудандық қазынашылық басқармасында курьер, жетекші маман, бас маман – бас қазынашы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2010 жылы Ордабасы аудандық мәслихатының тексеру комиссиясы бөлімінің бас маманы болған. 2011 жылдан бастап Ордабасы ауданы әкімдігінде сектор меңгерушісі, бас инспектор қызметтерін атқарған. 2013–2020 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2020-2025 жылдар аралығында Жетісай ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ Сауран ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2025 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде басқарма басшысы, 2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

